Тамақты өліп-өшіп жеп-ішу, араны ашылу,құнығу. Бүбітай ашқарақтанып көжені алды-артына қарамай аныл-ғұпыл іше бастады (С. Мұратбеков). Оның баласы ә дегенде ыссы жарманы қомағайлана ұрттаймын деп аузын күйдіріп бақырып жіберді (Н. Серғалиев). Бидай көжені обыға жұтқан маған Орынтай жымын-жымың күле қарайды (Ғ. Орманов). Қайша да ешқандай қымсынбастан, бір жауырынды қолына ұстап, обырлана жұлып жей бастады (Қ. Жұмаділов). Біздін. жалақтап, тоймай қалған түрімізді кө-ріп Қағаз аға Зәуреге нан алдыратын (Б. Соқпақбаев). Күн ұзын тамак ішпе-гендер тақ осы тамақ үшін ораза ұстағандай оңазаланып қырып барады (I. Жансүгіров). Маңғыстауды талай шарлаған шоферлер жалмаңдап ас ішіп, жалпылдап әңгіме қозғады (М.Сатыбалдиев).