Ашаршылық, ашығушылық, аштық, жұтшылық

Ішіп-жемніңже-тімсіздігінен болатын күйзеліс, жоқшылық. Қасболат тағы да елгешығып, кешегі ашаршылықта ата-анасынан айырылған, туыстарын паналап жүрген жетім балаларды жинайды (Т. Ахтанов). Ол озбырлыққа, қорлыққа қарсы аш-тық жариялап, қашан осы түрмеден босанғанша ашығушылығын токтатпай-тынын жариялады (Ғ. Мүсірепов). Аштық жылы Орынбор маңындағы Ноғай Қарғалысына босып барғаналыс жегжат, жақып жұрағатымыз бір ауыл екен (Б. Аманшин). Торғай губерниясына қараған ел жұтшылыққа ұшырап, біз-дің елден жәрдем жиналды (Ш. Айманов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *