Ауыр, сом, батпан, зіл, зілмауыр, зілбатпан, салмақты, қорғасындай, зілдей, шомбал

 Салмақты, ірі, кесек, зор. Қойдың жүндесетті тұқым-дарының жүні мол болуымен қатар, тірідей салмағы ауыр келеді (А. Елеманов). Ортада түрғансом денелі жігіттің бір қолында қайла, екінші қо-лында тудың тұтқасы (Ә. Әбішев). Тоғай сом дене-сінің батпан салмағымен талдырмаш денемді майыстыра жаншып, орнынан көтерілген (Ә. Сәрсенбаев). Шана қисайғанда үстін басқан зілі жеңілдегендей болып еді (Қ. Жұмалиев). Зәли еңсені басқан зілмауыр жүкті лақтырып тастағандай орны-нан жеңіл тұрды (А. Мекебаев).Бұлар зілбатпан бірдеңелерді арқалап, баста-рына қойып әлдеқайда ағылып барады (Қ. Сатыбалдин). Маяны қозғалмастай етіп, салмақты сырықтармен бастырықтап тастады (Ж. Тілеков). Үстімді қорғасындай ауыр салмақ басып қалғандай, тұра алар емеспін («Қаз. әдеб.»).Әйелдің иығынан зілдей жүк кенет жерге түскендей, аяқ басуы жеңілденіп кетіп еді (X. Есенжанов). Бұл талай рет бәйге алып жүретіп шомбал сом дене-лі Батырбек деген палуан еді (Б. Соқпақбаев).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *