Аурулы, сырқатты, сырқаулы, науқасты, кеселді, індетті, дертті, дімкәсті

 Денсаулығы бұзылған, ауруы бар. Аурулы болып, құрсақ көтере ал-маған әйелі жақында кенеттен жүрек ауруынан дүние салды (А. Байтанаев). Данияр сырқатты болып, ауыл мектебінен дер кезінде оқи алмаған (С. Омаров). Жасы болса алпысты алқымдаған Асыл соңғы кезде сырқаулы боп алды (Е. Мырзахметов). Жасымда көп жыл науқасты болып жатып қалдым (А.Тоқмағамбетов). Бұл ауруды кеселді мал немесе паразиттер тасығыштар таратады (С. Сыбанбаев). Бұрын шешек адам баласына келген нағыз індеттіауру болатын («Семья тәрбиесі»). Қыста суык, жазда күн жеп, көп жігіт дертті болды (I. Жансүгіров). Шал болса дімкәсті, ауырып үйде жатыр (Д. Исабеков).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *