АБСОЛЮТ НӨЛ

АБСОЛЮТ НӨЛ — термодинамикалық температураның бас санақ нүктесі. А. н. темп-расы судың үштік нүктесінің темп-расынан 273,15 К төмен орналасады. Термодинамикалық темп-ра шкаласының және А. н. темп-расының болуы термодинамиканың екінші бастамасы тұжырымынан шығады. Темп-ра А. н. темп-раға жақындаған сайын жылудың энтропия, жылу сыйымдылығы, т.б. сипаттамалары нөлге жуықтайды. Темп-раны дәл А. н. темп-раға жақындату – өте күрделі проблема. Дегенмен соңғы кезде А. н. темп- расына градустың миллиондық үлесі жетпейтіндей темп-ра алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *