АБСОЛЮТ

АБСОЛЮТ (лат. absolutus) — мәңгілік, шексіз, өзгеріссіз, тұрақты деген ұғымдар жиынтығын білдіретін түсінік. А. — жалқы, мәңгі және ол барлық салыстырмалы шарттылықтарға қарама-қарсы. Филос. айналымға А. терминін 18 ғ-дың ақырында М. Мендельсон мен Ф. Якоби енгізді. Кейін Ф. Шеллинг пен Г. Гегельдің филос. жүйелері негізінде А. «жеке», «апейрон», «логос», «дао», «субстанция», «жалпы субстанция» деген түсініктерді біріктіретін категорияға айналды. А. туралы дін мен философияда екі көзқарас қалыптасқан:

Апофатикалық (терістеушілік) — А. туралы нақты ештеңе айтуға болмайды, ол тек қана мәндік қасиетке ие;

Катафатикалық (нақтылық) — А. көптеген жетістіктерге ие (А-ті қарапайымдылық, А-ті күрделілік т.с.с.) деп дәлелдейді.

Философияның өз ішінде де А. туралы түсінік біртекті емес. Кейбір философтар мәселен, И.Г. Фихте А-ті “Мен” деп түсінеді, ал Г.В. Гегель үшін ол дүниелік парасат (абс. рух), А. Шопенгауэрде — ерік, А. Берсонда — түйсік. Материалист философтар А-ті материя деп түсінеді. Материалдық бастауларды мәңгі өзгеріп тұратын дүниенің негізі ретінде ұғады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында А. ұғымы Тәңірмен, кейін Алламен (Хақпен) байланыстырылған. Қазақ дүниетанымында (мыс., к. Иасауи ілімінде) Алла ғана мінсіз, пенде атаулы сол А-ке жақындауға ұмтылуы қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *