АБИССАЛЬ (грек. abyssas — түпсіз,түңғиық), абиссаль белдем — тереңдігі мұхит табанына сай келетін, (яғни 3000 м-ден асатын) түбінің бедері ірі шұңғымалардан, су асты жоталары мен үстірттерден тұратын белдем. Мұндағы су полюстерден экваторға қарай өте баяу ағады, темп-расы 1 — 2°С, полюстерде 0°С-тан да төмен; тұзды, тығызд. тұрақты және түбіне Күн сәулесі жетпейді. Соның әсерінен өзіне ғана тән жануарлар дүниесі болады. Әлемдік мүхит түбінің 90%-ін әр түрлі микроорганизмдер мен жануарлар қалдықтарынан (органогенді), теңіз ағысы алып келген тау жыныстары мен минералдардан, жанартау атқылауынан кейінгі заттардан түзілген абиссаль шөгінділер жапқан.