АБЖАД, әбжәд, әбжәт- көне араб алфавитінің өзгеше тізілу ретін көрсететін ойдан шығарылған 8 сөздің (“аб- жад”, “һаууаз”, “хұтти”, “ка- ламан”, “сағфас”, “қарашат”, “саххаз”, “зазағ”) жалпылама аты. Бұл сөздердегі әріптердің жалпы саны 28 болып, әрбір әріп тұрақты бір санды білдірген.
А. есеп шығаруға (көбейту кестесіне), кез келген санды әріптермен беруге, сөзді санмен жазуға пайдаланылған. Араб алфавитіндегі әріптерді бір- біріне қосып оқудың әліпбиден (алфавиттен) кейінгі бірінші әліппе тексі де А. деп аталған. А. ертедегі мұсылманша мектептерде оқытылған. Классикалық поэзияда да пайдаланылып, кейбір маңызды оқиғалардың болған жылдарын әріптер арқылы белгілеуге жұмсалған. А-ка негізделіп жа- салған шынар бейнелі (сарун хат) жазу жүйесі де болған.