АБДУЛЛИНА Айша

АБДУЛЛИНА Айша (1916 ж.т., Алматы) — актриса, әнші, Қазақстанның халық артисі (1958). Қазақ мемл. акад. драма театры жанындағы студияны бітірген (1935). Осы театр сахнасында Еңлік пен Алтыншаш (М.О. Әуезовтің «Еңлік — Кебегі” мен «Аққайыңында»), Мәрзия мен Дәмелі (Е.М. Мүсіреповтің «Ақан сері — Ақтоқтысында») рөлдерін орындады. Ол муз. спектакльдерге де қатысып, Қыз Жібек (Е.Г. Брусиловский мен Мүсіреповтің осы аттас муз. драмасында), Айман (Бруси- ловский мен Әуезовтің «Айман — Шолпанында»), т.б. секілді сахналық бейнелерді жасады. 1944 ж. концерттік бригада құрамында майдандағы жауынгерлерге арналған концерттерге қатысты. 1947 ж. Шымкент обл. драма театрына ауысты. А. сомдаған Дездемона (У. Шекспирдің «Отеллосында”), Мария (Н.В. Гогольдің «Ревизорында»), Галчиха (А.Н. Островскийдің «Жазықсыз жапа шеккендерінде») бейнелері де актерлік шеберліктің жарқын үлгісі болып қалды. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *