АБДУЛЛИН Ришат Мүкімұлы (14.3.1916, Өскемен — 12.11.1988, Алматы) — әнші, Қазақстанның халық артисі (1947), КСРО халық артисі (1967). 1936, 1958 ж. Мәскеуде (Ресей) өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндіктеріне қатысты. 1939 жылдан Қазақ опера және балет театрының сахнасында Тарғын, Думан (Е.Г. Брусиловскийдің “Ер Тарғыны” мен “Дударайында”), Амангелді (Брусиловский мен М. Төлебаевтың осы аттас операсында), Абай (А.Қ. Жұбанов пен Л.А. Хамидидің “Абайында”, 1978 ж. осы партиясы үшін Қазақстанның Мемл. сыйл. берілді), Онегин (П.И. Чайковскийдің “Евгений Онегинінде”), Жермон (Дж. Вердидің “Травиатасында”), Киэзо (З.П. Палиашвилидің “Даисиінде”) партияларын орындап, қазақ опера өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты. А. кең тынысты даусымен (баритон) сабырлы саздағы ән- әуендерді, ариялар мен арио- золарды шебер орындаушы ретінде аса көрнекті әнші- орындаушылар қатарына қосылды. Оның репертуарынан халық әндерімен қатар замандас композиторлардың туындылары да кеңінен орын алды. Бірқатар шетел театрлары сахналарында өнер көрсетіп, қазақ әнінің қуатын танытты. Қазан Революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.