АБДУЛЛИН Мүсілім Мүкімұлы (14.3.1916, Өскемен — 7.12.1996, Алматы) — әнші, Қазақстанның халық артисі (1947). 1939 — 65 ж. Қазақ- тың опера және балет театрында әнші, 1965 жылдан өмірінің соңына дейін “Қазақконцерт” бірлестігінің көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарды. А., негізінен, лирик. кейіптегі опералық бейнелерді сахнаға шығарды. Мыс., Төлеген, Қайрақбай, Балпан, Арыстан (Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Жалбыр”, “Ер Тарғын” және “Айман—Шолпанында”), Ленский (П.И. Чайковскийдің “Евгений Онегинінде”), Серік (М. Төлебаевтың “Біржан — Сарасын- да”), Зілқара (Брусиловский мен Төлебаевтың “Амангелдісінде”), Тұяқбай (Е. Рахмадиевтің “Қамар сұлуында”), Әзім (А. Жұбанов пен Л.А. Хамидидің “Абайында”), т.б. Ол 1936 ж. Мәскеуде (Ресей) өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. А. әнші ретінде қазақтың халық әндерімен бірге отандық және шетелдік композиторлардың ән-романстарын ерекше нақышпен орындаған.