АБДУЛЛИН Вахит Абдуллаұлы (20.6.1914, Қарағанды обл. Тельман ауд. Қарамұрын ст. — 12.4.1990, Алматы) — ғалым, экон. ғыл. докт. (1972), проф. (1978), Қазақстанның еңбек сің. ғыл. қайраткері (1983). Ұлы Отан соғысына қатысқан. Мәскеу қаржы- экон. ин-тын бітірген (1954). Қазақ мал ш. ғыл.-зерт. ин-тында кіші ғыл. Қызметкер (1955), аға ғыл.қызметкер (1956), , бөлім меңгерушісі (1964) болды. Ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты — қой ш-н индустр. негізге көшіру жағдайында өндірісті, еңбекті және технологияны ұйымдастырудың озық формаларын ғыл. тұрғыда негіздеуге арналған. ҚР Мемл. сыйл. лауреаты (1976). Жауынгерлік Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.