Ағылшын тіліндегі жаңа сөздер

Ағылшын тілінің қолданыс аясы жыл санап артып келеді. Күн сайын 1000 жаңа сөз еніп, осыншалықты сөз қолданыстан шығады. Біз сіздерге қазір қолданыста жүрген жаңа неологизмдерді ұсынбақпыз.

1. To binge-watch [bɪn(d)ʒwɒtʃ] Бір сериалды көріп бастағанда өзіңізді тоқтата алмай, әр бөлімін бірінен соң бірін жалғастырып қарай беретін әдетіңіз болса, бұл сөз сол мағынаны білдіреді.

2. Cat lady [ˈkæt ˌleɪdi] Мысық асырау, оны өсіру қазір трендте. Әсіресе, тұрмысқа шықпаған, жалғыз қыздар мысыққа құмар. Біздің тіліміздегі «тәуелсіз, күшті» әйел адамның ағылшынша нұсқасы осылай.

3. Clicktivism [ˈklɪktɪvɪz(ə)m] Бұл – нағыз қазақтың әдеті. Белгілі бір саяси, қоғамдық жұмыстарға байланысты тек өз пікірін айтып қана қоятын адам. Ал, оны істеуге келгенде, әдетте әрекетсіздік орын алады.

4. Couplie [ˈkʌpli] Егер әлеуметтік желілерде қос ғашық бірге түскен суреттерін жиі жариялайтын болса, онда бұл тіркес – соларға арналған жаңа атау. Бәріне мәлім «селфи» сөзіне ұқсас жасақталған, тек түбірі – couple («жұп») сөзі.

5. To drunk-dial [ˌdrʌŋkˈdaɪəl] Көңілді кештерден соң масайып қалған досыңыз әлдекімге телефон шала бастады ма? Бұл жағдай ағылшын тілінде to drunk-dial деп аталады.Қызық, иә?!

6. Froyo [ˌfrəu’jəu] Froyo — «frozen yoghurt» сөзінің қысқартылған нұсқасы. Бұл тағам түрі соңғы уақытта кең қолданысқа ие. Бүкіл әлем бұл тағамды үздік десерттердің қатарына қосып қойған.

7. Gloatgram [gləut’grɑm] Instagram қолданушыларының арасында өзінің көлігімен, сыйлықтарымен, киімі мен өзге де артықшылықтарымен мақтанатындар көп. Gloatgram — автордың қаншалықты жақсы өмір сүріп жатқандығын дәлелдейтін жазба.

8. To humblebrag [ˈhʌmblbræɡ] Өзінің жетістіктерін сөз арасында айтып қала беретін адамдардарға арналған атау. Жетістіктерін мақтанып емес, көп жағдайда арызданып жеткізеді.

9. HIIT [hɪt] Нigh-intensity interval training сөзінің қысқарған нұсқасы. Оның аудармасы:«жоғары интесивті интервалды жаттығу». Кардиоға қарағанда HIIТ арықтауға тезірек әсер етеді.

10. To mansplain [mænˈspleɪn] Өзінің ақылдылығын көрсету үшін, бәріне анық затты асыра сілтеу арқылы жеткізетін адамның заманауи атауы.

11. To photobomb [ˈfəutəubɒm] To photobomb — біреу суретке түсіп жатқан сәтте, суретті бүлдіру мақсатында жасалатын әзіл әрекеттер. Мүмкін, сіз де «photobomb» адамдардың қатарына енетін боларсыз?!  

12. Ringxiety  [rɪŋˈzaɪəti] Егер жиі телефон қоңырауын немесе хабарламаның дыбысын еститін болсаңыз, өзіңізді шизофрениктердің қатарынан алып тастаңыз. Бар болғаны сіздегі белгілер «Ringxiety» деп аталады.  

13. Screenager [‘skriːneɪdʒə] Ұялы телефон, теледидар секілді гаджеттерден бас алмайтын жасөспірімді осылай атаңыз. Сөздегі: screen («экран») және teenager («жасөспірім»).

14. Textretary [‘tekstrət(ə)rɪ] Көлік жүргізіп келе жатқан адамның орнына хабарлама теретін адамды осылай атайды. Яғни, жүргізушінің хатшысы деген жаңа қызметке берілген атау.

15. YOLO [‘jəuləu] «Уou only live once» – сен бір рет өмір сүресің! Бұл өмір сүруге шақыратын, мотивация беретін тіркес.  Өмір қызық. Мүмкіндік барда, тілдерді меңгеріңіз, саяхаттаңыз, арманыңызды шындыққа айналдырыңыз. Шынымен, YOLO!

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/48223/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *