АБДУЛЛА ХАН

АБДУЛЛА ХАН, Абдаллабек, Абдул (т.ө.ж.б. 14ғ.) Алтын Ордадағы “Дүрбелең жылдары” (1359 — 79) таққа отырған хандардың бірі (1360/ 61 — 1369/70). Ататегі: Шыңғыс хан — Жошы — Тұқай Темір — Үз Темір — Абай — Мыңғасыр. А. х. Мыңғасырдың 9 ұлының алтыншысы. 1359 ж. Бердібек хан өлтірілгеннен кейін, 1-2 жыл ішінде Алтын Орда тағына Құлпа, Наурыз бек, Қызыр хан, Темір қожа отырған. Мамай Темір Қожаны өлтіріп, хан тағына А-ны әкелді. Іс жүзінде билікті А. х-ның атынан Мамай жүргізді. Осы кезден бастап, Алтын Орда екі бөлікке бөлінді. Еділден батысқа қарай А. х., шығысында Аралдың солт-ндегі далалық аймақтарды Шайбани ұрпағы Қожа Мұрат (Мюрид, Меруд, Амурат) биледі. А. х. Мәскеу боярларының өтінішімен жас Дмитрийдің (болашақ Донскойдың) ұлы князь болуына жарлық берген (1363). 1369—70 ж. Мамай А.х-ның орнына оның ұлы Мұхаммед сұлтанды (Мұхаммед Бұлақ) таққа отырғызды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *