АБДУЛКАБИРОВА Маухида Атнагуловна

АБДУЛКАБИРОВА Маухида Атнагуловна (4.11.1917 ж.т., Башқұртстан Республикасы, Уфа ауд., Нурлино а.) — ғалым, геол.-минералогия ғыл. докт. (1973). Қазақ кен-металлургия ин-тын бітірген (1941). 1943 — 93 ж. Қазақстан ҒА-ның Геол. ғылымдар ин- тында кіші, аға ғыл. қызметкер, арнаулы металдар секторының меңгерушісі, ғыл. кеңесші болды. 1993 жылдан осы ин-ттың жетекші ғыл. қызметкері. Ғыл. зерттеулері геол. және металлогения мәселелеріне арналған. А. Солт. Қазақстанда жер қыртысы дамуының жаңа формаларын анықтап, оның кен түзілуі мен таралуындағы рөлін және кен орындарының орналасуының жаңа заңдылықтарын дәлелдеді, бұл аймақтың болжамдық геол. карталарын құрас- тырды, кен іздеу жұмыстарының бағытын көрсетті. Ол Солт. Қазақстанда алмас іздеудің теориялық негіздерін жасады. Оның болжамы бойынша Құмдыкөл алмас кені ашылып, барланды. КСРО Мемл. сыйл. лауреаты (1990).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *