АБД ул-ӘЗИЗ ибн ШАРАФ әд-ДИН

АБД ул-ӘЗИЗ ибн ШАРАФ әд-ДИН (14 ғ-дың ақыры — 15 ғ-дың басы) — тебриздік ұста, шойын құюшы. Әмір Темір билік құрған кезеңде құйылған бірқатар бұйымдардың бас ұстасы. Соның бірі — Темірдің бұйрығымен Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи мешітіне арналып, 1399 ж. Түркістан маңындағы Қарнақ қыстағында құйылған алып қазан (құйған жердің орны күні бүгінге дейін сақталған). Бұл — өз дәуіріндегі шойын құю өнерінің ерекше үлгісі. Қазанның диаметрі 12,5 м, биікт. 1,7 м, салмағы 2 т шамасында. Ернеуінің сырт жағын жиектей құранның 9-сүресінің 19-аяты, төменгі жағына ұстаның өз аты жазылған. Қазан 1939 жылдан Санкт-Петербурггегі Эрмитажда сақталып келді. 1989 ж. Түркістан к-на кайта- рылып, Қожа Ахмет Иасауи мешіт-кесенесіндегі орнына қойылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *