АБДОЛЛА

АБДОЛЛА (17 ғ-дың 70- жылдарының басы — шамамен 1719) — қазақханы. Шыққан тегі белгісіз. 1718 — 19 ж. хандық құрып, дулаттың жаныс, сиқым, шымыр рулары мен Ұлы жүздің шанышқылы, албан, сары үйсін және суан тайпалық бірлестіктерін басқарған. Түркістан мен Ташкент, Шыршық, Шу, Талас, Арыс өз-дері аралығында, Ташкентке іргелес Ферғананың бір бөлігінде көшіп-қонып жүрді. Ордасы Ташкентте болды. АБДОЛЛАЕВ Шәдібай Нұрғазыұлы (5.2.1928 ж.т., Қызыл- орда обл. Сырдария ауд. Қарауылтөбе а.) — ғалым, мед. ғыл. докт. (1971), проф. (1981), Қазақстанның еңб. сің. дәрігері (1966). Алматы мемл. мед. ин-тын бітірген (1956). Қызылорда обл. ауруханасында дәрігер-хирург (1956-58), обл. аурухананың бас дәрігері (1958-76), Өлкелік патология ғыл.-зерт. ин-ты директорының орынбасары әрі респ. клиникалық аурухананың бас дәрігері (1976-77), Алматы мемл. мед. ин-тының кафедра меңгерушісі (1977-95), проф-ы (1995) қызметтерін атқарды. А-тың негізгі ғыл.- зерт-і жедел хирургияның мәселелеріне, әсіресе, ерте кезеңдегі релапаротомияны хи- рургиялық жолмен қайта емдеуге, жүкті әйелдерге хирургиялық көмек көрсеткенде, эхолокация, инфрақызыл термография, лапароскопия әдістерін қолдануға арналған. А. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *