АБДЕЛЬ НАСЕР

АБДЕЛЬ НАСЕР Гамаль, Гамаль Абд ән-Насир (15.1. 1918, Асьют пров., Бени-Мур, Египет — 28.9. 1970, Каир) — Египеттің мемл. және саяси қайраткері. 1935 ж. Каирде орта мектепті, 1939 ж. әскери уч-щені бітірген соң Египетте, Суданда әскери қызметте болды. 1942 ж. бас штабтың әскери колледжіне түсіп, оны үздік бітірді. 1948-49 ж. араб- израиль соғысына қатысты. 1949 — 52 ж. Бас штабтың әскери колледжінде сабақ берді. 1952 ж. 23 шілдеде А. Н-дің басшылығымен “Ерікті офицерлер” астыртын саяси ұйы- мы әскери төңкеріс жасады.

1936 жылдан өкімет басында болып келген король Фарук тақтан түсіп, елден кетуге мәжбүр болды. А.Н. Рев-ны басқару кеңесі төрағасының орынбасары, кейін төрағасы болды. 1954 — 56 ж. (аз уақыт үзіліспен) премьер-министр және президенттің міндетін атқарды. 1956 жылғы маусым- нан Египет президенті, Египет Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы. Осы жылдың 27 шілдесінде А.Н. Суэц каналын мемл. меншігі деп жариялады да, осы себепті 24 қазанда Израиль, Ұлыбритания мен Франция Египетке қарсы соғыс ашты. А.Н. басқыншыларға қарсы Египет Қарулы Күштерінің соғыс қимылдарына басшылық жасады. А.Н. ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресте араб халықтарының бірлігін батыл жақтады. 1963 жылдан Араб соц. одағының төрағасы болып тағайындалды. Араб елдеріне қарсы Израильдің кезекті агрессиясы (1967) нәтижесінде Египеттің жеңіліс табуына және соғыс зардабынан туған экон., саяси қиыншылықтарға қарамастан, А.Н. әлеум.-экон. шараларды тоқтаусыз жүргізіп отырды. 1968 ж. 30 наурызда А.Н. Израиль басқыншылығының зардабын жою бағдарламасын ұсынды. А.Н. мемл. және үкімет басшыларының көптеген халықар. конференцияларын ұйымдастыруға ұйтқы болды және оларға белсене қатысты. Халықар. арена- да отарлық езгіден азат болған халықтардың егемендігін батыл жақтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *