АБД әл-ЖАББАР

АБД әл-ЖАББАР бин Ахмед әл-Хамадани (1025 ж.ө.) — ислам дінінің көрнекті өкілі, шафиит мазһабының факихы, яғни діни құқықтық төрт мазһабтың ішіндегі мұсылмандар қауымы толық мойындаған Әбу Абдаллаһ аш-Шафии мазһабының түсініктемешісі, фикх білімпазы, заңгер. Көп жыл Бағдадта тұрды. Оны 971 ж. шамасында уәзір, мутазилашылардың (әл-мута- зила — дараланған, бөлектенген, оқшауланған) қамқоршысы ас-Сахиб ибн Аббад (938 — 995) фикхтен дәріс беруге Рейге шақырды. Ол Рейде бас қази болып тағайындалды, кейін қади әл-қудат немесе әл-кади деген атқа ие болды. А.әл-Ж.кәлам, фикх және табиғатгану бойынша бірнеше шығарма жазды. Оның сақталған шығармалары (1950 жылдардың басында табылған) және Әбу Рашид ан-Найсабури (1024 ж.ө.) мен ибн Маттууайх (1076 ж.ө.) сияқты шәкірттерінің туындылары мутазилашылар ілімі туралы мағлұмат алудың негізгі көзі болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *