АБДАЛЛАҺ

АБДАЛЛАҺ ибн АББАС (әл-Аббас) (619 — 686) — Мүхаммед пай- ғамбардың немере інісі. Құран тексін түсіндіру ілімінің негізін салушы. Мұсылман аңызы бойынша А. ибн А. аса зиялы, ғажап білімдар, “қауым ғалымы” деген құрметті атқа ие болған адам. Мұхаммед пен оның сахабалары жөнінде айтылған әңгімелерді, хадистерді алғаш рет А. ибн А. жинақтаған. Исламға дейінгі тарихи әңгімелерді, Мұхаммедтің жорықтары туралы аңыздарды таратушылардың бірі. Құранның жекелеген атау сөздеріне этим. тұрғыдан талдаулар жасайды. Ондағы түсініксіз сөздерді исламға дейінгі ақындар өлеңдерінен мысал келтіре отырып түсіндіреді. А. ибн А-тың “Құран тәфсирі” деген еңбегі сақталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *