АБДАЛДАР (ауғанша әбделилер, дүррәнилер) — басым көпшілігі Ауғанстанда тұратын үлкен тайпалар бірлестігі. 1747 жылдан дүррәнилер аталады. Жалпы саны 2 млн. адамнан асады (1997). Олардың үлкен бір тобы Пәкстанда тұрады. Егіншілікпен, мал ш-мен айналысады. Біраз бөлігі көшпелі тұрмыс-салтын сақтаған. Олар 18 ғ-дың орта шеніндегі Ауғанстан тәуелсіздігі жолындағы күреске белсене қатысты. Ауғанстанның мемл. құрылымы мен әскерінің құрамында елеулі рөл атқарды. Мұсылман дінін ұстанады. Пуштун тілі диалектілерінің бірінде сөйлейді.