АББАС ӘУЛЕТІ, ә л — А б бассийун — Арабхалифатын билеген әулет (749 — 1258). Мұхаммед пайғамбардың немере ағасы әл-Аббас бин Абд әл-Муталиб бин Хашимнен (653 ж.ө.) тараған. Мұхаммед бин Әлидің ұлы Ибрагим жіберген өкіл Әбу Муслим бастаған шииттік қозғалыс Омейя әулетін тақтан тайдырған соң, А.ә. үкімет басына келген. А.ә-нің алғашқы халифасы Әбу әл-Аббас ас- Саффах (750 — 754) болды. 762 ж. А. ә. астанасын Шамнан (Дамаск) Бағдадқа ауыстырды. 8-9 ғ-ларда халифат дамыған елдердің бірі болды. А. ә-нің мемлекеті әдебиеттерде, кейде “Бағдад халифаты” деп те аталады. Ол “Мұсылман ренессансы” дәуірінде мәдениеті, ғылымы, әдебиеті, философиясы, математикасы, географиясы, саудасы, т.б. әлемдік дамудың алдыңғы қатарындағы мемлекет болды. Бұл халифаттың аясындағы көптеген халық өкілдері оған өзіндік үлес қосты. Ежелгі шығыс, грек, Рим өркениетінің жетістіктеріне сүйенген араб мәдениеті Еуропа елдері дамуына көмектесті. А. ә. арасынан һарун әр-Рашид (786 — 809), Маамун (813 — 833), әл-Мутасим (833—842) қызметтері айрықша аталады. 8 ғ-дың ортасында мемл. бірлігі әлсіреді. Әр аймақта Аббас тұқымдары немесе басқа жергілікті билеуші топтар жеке- жеке билік жүргізе бастады. 10 ғ-да бұйдтер, одан соң салжұқтар А. ә-н ығыстырып шығарды да, олар тек діни істерге ғана араласатын болды. 1258 ж. Хулагу хан бастаған монғолдар Бағдадты басып алып, Д. ә-н жойды. Тірі қалған әл- Мустансирге Египет сұлтаны Бейбарыс 1261 ж. әл-Қаһрада халифа атағын берген. 1517 ж. түрік сұлтаны Сәлім әл-Мұтауәккіл халифаны Стамбұлға көшіріп, кейін халифа атағы түрік сұлтандарына өтті.