АБАШИДЗЕ Ираклий Виссарионович (23.11.1909, Грузия Республикасы Кутаиси губ., Хони с. — 1992, Тбилиси) — грузин ақыны, қоғам қайраткері. Грузия ҒА-ның академигі (1960). Соц. Еңбек Ері (1979). Грузин ун-тін бітірген (1934). 1953 — 67 ж. Грузия Жазушылар одағының 1-хат- шысы. 1967 жылдан “Грузин энциклопедиясының” бас редакторы. Шығармалары 1928 жылдан жариялана бастады. “Өлеңдер” (1932), “Жаңа өлендер” (1938), т.б. жыр жинақтарында “Аңшылар түні” (1950), “Орақ жыры” (1951) өлең топтамаларында замандастарының тыныс-тіршілігі баяндалады. Грузин халқының тарихи өткені мен бүгіні “Руставели ізімен” (1959),“Жақындау” (1966), “Палестина, Палестина” (1963; Грузия ССР Мемл. сыйл., 1966), “Менің Грузиямның ән-жырлары” (1971) атты жыр топтама- ларында көрініс тапқан. А. шығармаларының негізгі арқауы туған елге деген сүйіспеншілік, мейірбандық пен адалдық мәселелері. Бірқатар туындылары ‘Грузия күмбезі” деген атпен қазақ тілінде басылды (1981).