АБАТ БАТЫР

“АБАТ БАТЫР” — “Қырымның қырық батыры” топтамасына енетін эпостық жыр. 1941 ж. Мұрын жыраудан жазылып алынған. Жыр Бат. Қазақстан өңіріне кеңінен тараған. Ел аузында аңыз, әңгіме түрінде де белгілі. Асан Қайғының баласы Абат батырдың ел бостандығы мен тәуелсіздігі үшін соғысы баяндалып, жекпе-жек шайқаста қарсыласы Қайбар батырды өлтіруі эпостық сарында суреттеледі. Жыр толық сақталмаған. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Асайын Хангелді- ұлы үзік-үзік күйінде қағазға түсірген нұсқасы ҚР ҒА ОҒК қорында сақтаулы (830. п.). Бұдан басқа Абат батыр ерлігі туралы “Асан Қайғы, Тоған, Абат” жырында да айтылады. “А.б.” жыры жарияланбаған (1998).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *