АБАТ-БАЙТАҚ КЕСЕНЕСІ — 14 ғ-дың соңы мен 15 ғ-дың бас кезінде салынған сәулет өнері ескерткіші. Ол Ақтөбе облысының Қобда ауд-ндағы Талдысай кентінен оңт-ке қарай 12 км қашықтықта, Қобда өз-нің аңғарындағы Абат- Байтақ қорымында орналасқан. Халық арасыңдағы аңыз- ға қарағанда, кесене атақты ойшыл Асан Қайғы жыраудың (15 ғ.) осы Бесқопа аңғарында кенеттен қайтыс болған баласы Абат батырға арналып, бүкіл аймақ халқының қатысуымен тез арада тұрғызылған. “Байтақ” атауы содан қосылған. Бірақ құрылыстың архит. құрылымы оның төрелерге тән екенін байқатады. Кесене үстінде 11 қырлы тұғырға орнатылған шошақ күмбез бар, ал негізгі тұрқы төрт бұрышты. Тұрқының сыртқы ауд. 9,52×9,8 м. Кесененің сақталған биікт. 14,5 м, бастапқы биікт. 16 м. Өңделмеген кірпіштен қаланып, ішкі жағы балшықпен сыланған, сыртқы жағы күйдірілген кірпішпен қапталған. А.-Б.к. қалыпты қоскүмбезді шатырлы құрылыстар тобына жатады және кейбір әдебиеттерде көрсетілгендей центрик емес, порталды-күмбезді кесене. Оның ішкі құрылымы да төртбұрышты жобада салынған. 8 және 16 қырлы өрімдердің біртіндеп күмбез ішіне қарай көтерілуі көрер көзге жеңілдік әкеледі. Бөл- менің батыс және шығыс қабырғаларында арқалық ойықтар бар. Күмбез тұғырының сырты мен ойықтарын оймыштап әсемдеген. А.-Б.к. сәулет нақышы жағынан хорезмдік кесенелер мен 12 ғ- дың ақыры — 16 ғ-дың бас кезіндегі Арслан, Текеш, Көк- Кесене, Кесене ескерткіштеріне ұқсайды. Кесене орналасқан қорымда әр түрлі үлгімен, ою-өрнектерімен салынған құлпытастар көп. Құлпытастардың көпшілігі ақ және ақсұр әктастан қашалған. Бәрінің биікт. 1,2 — 2,0 м аралығында. Олардан 18 — 19 ғ- дағы қазақ шеберлерінің қолтаңбасын байқауға болады. Құлпытастардың көбіне қаза болған кісі аттары, қысқаша өмірбаяндары араб әрпімен жазылған, ішінара ру таңбалары салынған. А.-Б. к. орналасқан қорым мемл. қорғауына алынған;