Атақ, ат, даңқ, дабыл, дабыс, мерей, дәреже, мәртебе, лауазым, мансап, шен

 Еңбегімен, ерлігімен қол жеткен жетістік, абырой,бедел, қызмет. Атағы талай жерге оның жетті, жердің жүзін алуғаталап етті (Абай). Ардақты атың шыққан қан майданда, атамас атағыңды таңдай бар ма? (Жамбыл). Даңқыңды естуші едім бұдан бұрын, шешілмес бір көргенде сенің сырың (М. Хакімжанова). Есіттік Біржан деген дабылыңды, ала тұр сөйлескенше дамылынды («Айтыс»). Құлагер айналайын шабысыңнан, Атағың елге шыққан дабысыңнан («Ақан сері»). Біздің елімізде еңбек –ме-рей, еңбек — байлық пен береке көзі (С. Ғабдуллин). Қажекең атқа да, даңққа да, дәрежеге де тек қана еңбек арқылы жеткен кісі (3. Қабдолов). Жаманның көңлі көкте, жерде басы, Алыс қой аңғарғанға екі арасы. Жақсының өзі кішік, ойы биік, бірдей ме екеуінің мәртебесі (Жамбыл). Байқаймын, жаңа лауазы-мыңа риза сияқтысың, бірақ менен жоғары отырғаныңның мәнінтүсінбедім («Қожанасыр хикаялары»), Ханның басын хан алады, екі мансап бір жаққа сыймайды (Ш. Хұсайынов). Соғыс кезіндегі әскериадамдардың арақатынасы үлкенді-кішілі шенге тәуелді (Ж. Тілеков).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *