АБАЙЫЛ ТЕМІР КЕНІ

АБАЙЫЛ ТЕМІР КЕНІ, Оңт. Қазақстан обл. Түлкібас ауд. Абайыл т.ж. ст-нан солт-ке қарай 15 км жерде орналасқан. Адамдарға сақ заманынан белгілі болған. Кенді барлау жүмыстары 1942 ж. басталды. Геол. құрылымында орта жөне жоғарғы кембрий (Құлантау шоғыры) мен төменгі ордовиктің (Қоскөл шоғыры) әктас, көмірлі-кремнийлі тақтатас, алевролит, құмтас, конгломерат және мүйізтас тау жыныстары бар. Кен кезінде жаншылып ұсатылған, кейін тақтатаспен және құмтаспен жапсарласа мәрмәрланған әктаста түзілген. Жалпы саны 30-дан асатын кен денелерінің тізбегі 3,7 км-ге созылып, көлденең жарылымдармен ажыратылған бес бөлікке бөлінген. Нобайы дөңес төбе пішінді, тікшелене орналасқан кен денелерінің ұз. 500 м- ге, қалыңд. 120 м-ге, тереңд. 500 м-ге дейін жетеді. Жер бетінен 15-20 м тереңде жатқан тотыққан белдемдегі қошқыл түсті кеннің басты минералдары — гидрогётит, гётит, турьит; құрамындағы темірдің орташа мөлш. 45%, байытуды қажет етпейді. Тотыққан белдемнен тереңге қарай кен сидерит, анкерит және пириттен тұрады. Осы тереңдіктегі кен құрамында 31,65% темір, аз мөлшерде мыс, мышьяк, кобальт, қорғасын, молибден кездеседі. Кеннің жалпы қоры 55,9 млн. т, оның ішіндегі тотыққан кеннің мөлш. 23,24 млн. т. Тотыққан белдемдегі қошқыл түсті кен ашық әдіспен өндіріліп, бояғыш зат ретінде пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *