Сасып-салбырап,жылдамдатып, қатты асығып. Лиза асып-сасып, есіктің шынжырларын салдырлатып ашып жатыр (Б. Тілегенов). Сәндібала шайға қарамастан, асығып-үсігіп отарына қаша жөнелді
(М. Дүзенов). Директор әлде біреуге әдетінше айғайлап қалды да, машинасының алдыңғы орнына абдырап-дабдырап отырып жатты. (Қ. Ыдырысов)
Рахиманы кездестіре алмай, асығып-аптығып үйге кіріп келсем, төрде Іздән әпкем отыр (Ә. Қалдыбаев).
Ханзада газ плитасының үстінде тұрған кастрюльдегі күріш көжені жылытпастан апыл-ғұпыл ішті де, қайтып кетті (Н. Серәлиев). Емтиханға жарты сағат қана қалғанда әрең оянған ол ертемен-ақ абың-күбің күйге түскен («Қаз. әдеб.»).
Қапыл-ғұпыл асығып жы-лы қанды сылпылдатып қылғып жатыр(С. Сейфуллин).