АБАЙ МҰЗДЫҒЫ — I) Жетісу (Жоңғар) Алатауының солт. беткейіндегі Үлкен Басқан өз. алабында, Өтек өз-нің басталу кезеңінде орналасқан мұздық 1947 ж. Абай Құнанбаев есімі берілді. Ұз. 7,5 км, (морена басқан бөлігін қос- қанда 8,5 км). Аумағы 10,2 км2, ашық жерінің аумағы 8,9 км2, орташа қалыңд. 100 м. Кейінгі 25 жыл ішінде мұздық аумағы 3,0 км2-ге (ашықжері 2,3 км2- ге) кішірейген. Үстіңгі беті бедерлі, жарықшақты болып келеді. Фирн межесі 3720 м биіктікте. Мұздықтың үстіңгі ұшы 4511 м, төменгі шеті 3060 м биіктікте жатыр. Мұздықтан еріген су төменгі морена бөгелуінен пайда болған көлге құяды. Алғаш рет бұл мұздық туралы қысқаша ғыл. сипаттама 1913 ж. М.Ф. Войшвило кітабында жазылған. 1947 ж- дан бері А. мұздығын зерттеумен Қазақстан Респ. ҒА-ның Геогр. ин-ты айналысады.
2) Іле Алатауының солт. беткейіндегі Абай шыңының беткейінде орналасқан мұздық. Аум. 0,2 км2, ашық жерінің аум. 0,1 км2. Ұз. 0,7 км. Ұшы 3440 м биіктікке барып бітеді. Фирн межесі 3640 м биіктікте, фирннің аум. 0,1 км2. Оны зерттеу 1937 жылдан басталды.