АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ

АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ, Алматыдағы Абай ескерткіші, 1960 ж. Алматыда қойылды (мүс. — Х.Е. Наурызбаев, арх.— И.И.Белоцерковский). Ескерткіштің жалпы биікт. — 13,7 м. Мүсін қоладан құйылған. Трапеция пішімді тұғыры қызыл граниттен қаланған. Сол қолында қолтығына қыса ұстаған кітап, оң қолы желбегей жамылған шапанының шалғайында, ақынның терең ой үстінде келе жатқан сәті бейнеленген. Абай бейнесін жасағанда өзімнің Абай жырынан түсінгенімді, ұлы ойшылдың филос-лық толғамдарына сай салмақты, халықтың ақын бейнесінен іздейтін даныш- пандықты көрсетуге тырыстым,- дейді мүс. X.Наурызбаев. Мүсіннің көрнектілігін ашуда сәулетшінің шешімі де айтарлықтай сәтті шыққан. Негізінен, тік үшбұрышты композицияға құрылған ескерткіш, мығым тұғырдан қарсы алдындағы кең даңғылға еркін адымдап бара жатқандай әсер қалдырады. А. е. жеке адамға қойылған алғашқы көлемді ескерткіш. Осы алаңға кейін салынған Респ. Сарайы, “Арман” кинотеатры, “Қазақстан” қонақүйін жобалаған сәулетшілер де А. е-нің тасаланып қалмауын көздеді. Нәтижесінде қазір бұл алаң тек А.е. емес тұтас архит. ансамбльдің көрнекті үлгісі болып тұр. Алматыдан кейін А. е. 1968 ж. Қарағанды обл. Егіндібұлақ ауд. Абай кеңшарында (мүс. П.Е. Куценко), 1971 ж. Семей обл. (қазіргі Шығ. Қазақстан обл.), Абай пос-нде (мүс. В.Ю. Рахманов) және 1977 ж. Семей қаласында (мүс. Д.Г. Элбакидзе) тұрғызылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *