АБАЙДЫҢ ЖИДЕБАЙДАҒЫ ҚОНЫСЫ

АБАЙДЫҢ ЖИДЕБАЙДАҒЫ ҚОНЫСЫ, Абайдың Жидебайдағы қорығы–Қарауыл өз-нің жайылмасында жатқан қалың қорық, шұрайлы жер. Жидебайды 18 ғ-дың 80-жылдары мен 19 ғ- дың 50-жылдары шамасында тобықты руының Мамай, Жігітек аталары қоныс еткен. Ал 19 ғ-дың ортасына таман Жидебай (Мамай батырдан тараған Еламанның бір ұрпағы), Борсықбай, Барақ деп аталатын шұрайлы қоныстарды ел ағасы, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы иемденіп, қыстау салдырған.

1850 ж. Құнанбай Жидебайдың солтүстігінде он бес шақырым жердегі күзеуден, Ескітам деген қоныстан жиырма балаға арналған медресе сал- дырып, өзінің және туыстарының балаларын оқытқан. Абай сегіз жасынан бастап сол медреседен дәріс алып, сауат ашқан.

1880 ж. Абай Жидебайда өз қаражатымен жаңадан медресе салдыртқан.

1885 — 1892 ж. аралығында Жидебай қонысы Құнанбайдың Ұлжаннан туған кенже баласы Оспанның еншісіне тиген. 1892 ж. ескіше 1 мамырда інісі Оспан дүние салған соң Абай осы қонысты тұрақты қыстау еткен. Абайдың шешелері Ұлжан мен Айғыз да бір кездерде Жидебайда тұрған. Абайдың ұлы шешесі Зере әже осы Жидебайда дүниеден қайтқан. Жидебай — 20 ғ-дың соңында тарихи-мемориалдық, эколог. қорыққа айналды. 1990 ж. Қазақстан үкіметінің қаулысымен Жидебай қорығының жалпы аумағы 64 км2 болып белгіленді. Мемлекет қарауына алынған қорық құрамына енген тарихи елді мекендер, қыстаулар, зираттар, көл-сулар мен көгалды алқап, төбе- шоқылар респ. маңызы бар тарихи ескерткіштер ретінде мемл. қорғауына алынды. Қорық құрамына Абайдың мемориалдық мұражай-үйі, Абай — Оспан жөне Шәкерім — Ахат ескерткіштер кешені, Зере, Ұлжан, Құдайберді, Ғабитхан молда, Шөукенбай, Еркежан бейіті басындағы белгілер, Кеңгірбай бидің бейіті, Құнанбай құдығы, Оспан көлі, Мұсақұл төбесі, Махмұт қорасы, Орыс қорасы, Зұлғарыш қорасы, Ырыздыбай қорасы, Тұрагұл қора- сы енеді. Жоғарыда аталған тарихи-мәдени ескерткіштердің барлығы да ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында (1996) күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңғыртылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *