АБАЙ ӘНІ

“АБАЙ ӘНІ” — толық метражды көркем фильм. 1945 ж. Алматы көркем және хроник. фильмдер студиясы шығарған. Сценарийін жазғандар: М.О. Әуезов пен Г. Рошаль, қоюшы-реж. Г.Рошаль, Е. Арон, операторы — Г. Пыш- кова, бас суретшісі — Қ. Қожықов, комп. Л. Хамиди, реж. Н. Бейсеков. Абай рөлін Қ. Қуанышбаев ойнаған. Фильмде Абай адал махаббаттың арашашысы ретінде көрінеді. Айдар өзінің сүйгенін, көрші ауылдың жесірін ұрлап әкеліп үйленіп, ата салтын бұзады. Абай ақсақалдар кеңесінде өз махаббаты үшін ата дәстүрін бұзуға мәжбүр болған Айдар әрекетін ақтап шығады. Халық махаббатына бөленген Абайдың достары көп. Бірақ дұшпандары да аз емес. Ерден мен Шәріп Абайды халықпен араздастырып қоюға әрекет жасайды. Мақсатына жете алмаған Шәріп ақыры у беріп, Айдарды өлтіріп тынады. “А. ә.” фильмі кинематогр. мазмұнына қарағанда кино-спектакльге жақын. Тұтастай алғанда кинокартинаның стильдік шешімі, режиссурасы, актерлер ойындары театр өнерімен үндес. “А.ө.” фильмі респ. киноөндірісі базасында жасалған алғашқы фильм.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *