Бірғаным Әйтімова

Бірғаным Сарықызы Әйтімова (26.2.1953 жылы туған, Зеленов ауданы, Бакаушин ауылы) — мемлекет және қоғам қайраткері. Орал педагогика институтын (1974), Алматы саясаттану институтын (1989), Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-ді (1994) бітірген.

  • 1974—76 ж. мектеп мұғалімі,
  • 1976—79 ж. — Зеленов ауданы «Пермь» кеңшары комсомол комитетінің хатшысы,
  • 1979—83 ж. — Орал қалалық комсомол комитетінің 1-хатшысы болды.
  • 1983-87 ж. ЛКЖО ОК-нің хатшысы,
  • 1987— 90 ж. Қазақстан балалар қоры төрағасының орынбасары,
  • 1990— 93 ж. Жоғары Кеңес депутаты,
  • 1993—96 ж. Жастар ісі, туризм және спорт жөніндегі министр,
  • 1996—97 ж. сенатор,
  • 1997 жылдан Қазақстанның Израиль мемлекетіндегі төтенше және уәкілетті елшісі. Әйтімова «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *