АБАЙ АУДАНЫ

АБАЙ АУДАНЫ — Қарағанды обл-ның орталық бөлігіндегі әкімш. аудан. 1973 ж. құрылған. Алғашқыда Мичурин ауд. болып аталды. 1997 жылдан А. а. Жерінің аум. 6,4 мың км2. Тұрғыны 76,4 мың (1997). Ауданда 10 а-дық әкімш. округ, 1 қала, 4 кент бар. Орталығы — Абай қ. Аудан Сарыарқаның орта тұсында, қуаң дала белдемінде орналасқан. Батыс бөлігі аласа белесті, жазық. Тек Ақшоқы (588 м), Қоянды (725 м) сияқты аласа шоқылар кездеседі. Шығысы ұсақтөбелі (орташа биікт. 600 — 800 м). Пайдалы қазбалардан: тас көмір, барит, әктас, т.б. құрылыс материалдары кездеседі. Климаты тым континенттік, қысы суық, қары аз, жазы ыстық, құрғақ. Орташа темп- расы қаңтарда —15,16°С, шілдеде 20 — 21°С. Жауын- шашынның жылдық мөлш. 250 — 350 мм. Нұра, Шерубайнұра өз-дері мен олардың салалары — Есен, Соқыр осы аудан аумағынан өтеді. Сасықкөл, Сопақсор, Сарыбұлақ, Шұбаркөл, Шұбар, Шерубайнұра, Ынтымақ, т.б. көл- дер мен бөгендер бар. Ауданның шығысы қарақоңыр, батысы ашыққоңыр, сортаң топырақты болып келеді. Өсімдіктерден: селеу, бетеге, жусан, өзен және тау аңғарларында қызғылтбоз, қыраттарда қараған, тобылғы, т.б. өседі. Жануарлардан: қасқыр, түлкі, қарсақ, суыр, атжалман, ондатр мекендейді. Суларында: табан, мөңке, оңғақ, нәлім, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі. Тұрғындарының 76,7%-і қалада тұрады. Аудандағы ірі елді мекендер: Топар, Южный, Изумрудный, Қарабас кенттері. Ауданда өнеркәсіп ерте дамыған. 1863–1917 ж. аудан жерінде Орт. Қазақстандағы алғашқы өнеркәсіп орындарының бірі — Спасск мыс балқыту зауыты жұмыс істеді. А. а-нда көмір өндіретін 5 шахта, “Шығыс” кен байыту ф-касы, темір- құйматас бұйымдар з-тары, құрылыс материалдары мен құралымдар комбинаты, тігін ф-касы, нан з-ты, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, құрылыс және көлік мекемелері, “Испат — Қармет” акцион. қоғамының шикізат базасы, әктас карьері бар. А. ш. кәсіпорындары — ет, сүт, жұмыртқа, картоп, көкөніс өндіруге бейімделген. А. ш-на пайдаланылатын жер аум. 610,5 мың га (1997). Оның 48%-іне дәнді дақылдар, 3%- іне картоп пен көкөніс, 49 %- іне жемшөп дақылдары егіледі. Мал ш. саласы бойынша ірі қара, жылқы, құс өсіру мен 8 кәсіпорын, 1 құс ф-касы, 1 арнайы шаруашылық бірлестігі, агрофирма-техникум шұғылданады. Аудан аумағы арқылы Қарағанды — Шу т. ж., Астана — Қарағанды — Алматы, Қарағанды — Атасу–Жезқазған автомоб. жолдары өтеді. Ауданда оқу-ағарту, мәдениет, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері жұмыс істейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *