Аспандау, әуелеу, шарықтау, шырқау, самғау, асқарлау

Аспан әлеміне көтеріліп ұшу, шарлау. Аспандап алыс кеткеннебір мық-ты, не қылсын төмен қарап жерді ұмытты (Қ. Аманжолов). Ақша бұлтты қа-натымен сүйкей әуелеп ұшқан тырналар тізбегіне қадала қарап, ауыр ойға шомып, күрсінді (3. Жәкенов). Бүркіт бұлардың төбелерін торлай ұшып, ас-панда шарықтап самғап жүр (С. Мұқанов). Тордан босаған торғай шырқай ұшып аспанға шықты (Б. Баязитов). Қыран құс көзі көріпсамғағанда, төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп, қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға (Абай). Алдыңа алып аспанды,Асқарлап бір шығасың, су жүректі сасқанды бір иіріп жығасың (Қ. Мырзалиев). Балапан құстай оңдалып, қанатыңды қомданып, ұш көңілім, көкке кергі енді (Жамбыл).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *