ОПТИМУМ [лат. optimum] 1. Оңтайлы,ең қолайлы жағдайлар жиынтығы. 2. биол. Жер бетіндегі бүкіл тіршілік иелеріне өз мекен орындарындағы абиотикалық, биотикалық факторлардың өсіп-өнуіне қолайлы, тиімді әсер-ықпалдары бар кез келген тіршілік ортасының ағза үшін қажетті қолайлы жағдайы.