Біреудің науқандық қауырт жұмысына ел-жұрттың беретін көмегі, жәрдемі.Колхозшылар жаңа үй тұрғызу үшін ертеден келе жатқан «асар» әдетін жиі қолданып, бір-біріне көмек көрсетеді (Х. Арғынбаев). Шепе маңайдағы елді үмеге шақырып, сауын айтады (С. Мұқанов). Ерте заманнан бері жылу, үме немесе момыш сияқты әдет-ғұрып-тар міндеттеме хұқығына жатып келген («Халық мұғ.»).