Адам баласының күнделікті ішіп-жейтін қоректік заты. Мұндағы «ауқат» деген сөз көбінесе сөйлеу тілінде айтылады «Шайнама», «тістеме» де-гендер қарапайым сөз. Ас-адамның арқауы (Мақал). Келгендерге апам тамақ асып, шай беріп жатыр (Ә. Жылқышиев). Алдымызға неше түрлі тағамдар әкеліп қойды (І. Омаров). Стол үсті дәмге толы екен: құрт, ірімшік, сыр, май, күлше нан, жұмыртқалар (Ғ. Сланов). Науқасқа шалдыққан адам үшін кү-ріштен істелген ауқат өте пайдалы (Ы. Жақаев). Жеңгелері қонақ күтіп, ас-су дайындап тыным таппайды («Ел аузынан»). Үй иесінің дәулеті, ішіп-жемі тақтұқ қана жетіп отыратын («Қаз. әдеб.»). Шайнама тамаққа тісі жоқ, қызыл иек қарт тек шаймен күн көреді (О. Бөкеев). Ішіп болысымен жапа-жармағай тістемеге бас қойды (Н. Қазыбеков).