Арызқор, арызқой, арызшыл, арызкеш, шағымпаз, шағымқор, ша-ғымшыл

 Арыз жазғыш, шағым айтқыш, пәлеқор. Арысқорлар да алысарда, бұққанда, күле кіріп, күңірене шыққанда, ұялған ба, әлде айыбын ұққан ба? (Қ. Тоғызақов). Жалған арызқойды жазалау осы отырған үш полковниктің қолынан келер деймін (К. Тоқаев). Арызшылар мен әкімнің арасында үлкен дау туды (Х. Есенжанов). Қайда көрсең кінәмшіл, Исабай тым шыдамсыз. Ашуланшақ, арызкеш. Мінезі бар ұнамсыз (Ш. Смаханұлы). Арамызда әлі де кездесетін пәлеқор шағымпаздарды ақын уытты күлкімен буады («Қаз. әдеб.»). Өзге шағымқор, шенқұмар, парақор, атқа мінерлердің ешнәрсені шеше алмайтынын көреді (М. Әуезов). Шағымшыл шаян жорғалар, Іздегені жанжалдау, Түк сайын өсек сорғалар, Оған жұрттың бәрі жау (А. Тоқмағамбетов).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *