Жалаңтөс Баһадүр

Жалаңтөс Баһадүр 1576 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келді.

Тегі – Кіші жүз-Алшын-Қаракесек-Әлім-Төртқара (Қарамашақ) аталығынан.

Арғы атасы Ораз қажы (1299-1385) Әмір Темірдің (Ақсақ Темір) бас уәзірі, әрі ақылшы-сәуегейі болған.

Жалаңтөс Сейітқұлы ХVII-ХVIII ғасырларда өмір сүрген Әйтеке бидің атасы болып келеді.

Ол дарынды қолбасшы ғана емес, ол ұлы сәулет өнерінің де қамқоршысы бола білді. Самарқандағы Ұлықбек медресесінің қарсысынан 1620-1636 жылдары «Ширдор» (Арыстан қақпа) медресесін салдырады. 1646 жылы екі медресенің ортасынан «Тіллә Қари» (Алтынмен апталған) медресесінің құрылысын бастайды.

Жалаңтөс батыр 42 рет жекпе-жек ұрыста жеңіп шыққан. Әсіресе, батырдың шаһ Жаһан әскеріндегі 14 сарбазымен соғысындағы соғыс өнерін шебер білетін, қайсар да қажырлы бейнесі тамаша берілген.

Баһадүрді ел есінде қалдырған іс-әрекеттерінің келесі бір жиынтығы — XVII ғасырдың 30-40 жылдарына сәйкес келеді. Қазақ-жоңғар әскери қатынастарында тікелей Жалаңтөс батырдың әскери көмегі қазақтардың жеңіске жетуіне көп көмегін тигізеді.

Жалаңтөс баһадүр 1656 жылы дүниеден озып, өзінің өсиеті бойынша Самарқандтың солтүстік батысына орналасқан «Даһбед» мазарына қойылған. Себебі, ол жерде Жалаңтөс баһадүрдің пірлері – Махдуми Ағзам және оның немересі Қожа Хашими Даһбеди жерленген еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *