Әлімнен туған 6 бала


1. Жаманақ (Шекті) .
2. Қарамашақ (Төртқара).
3. Айнық (Қарасақал). Айнық құба – қарасақалды болғандықтан Қарасақал атанған.
4. Ұланақ ( Қаракесек).
5. Тегінболат (Қарасақал).
6. Тойқожа.

Ал, Шөмекейлер — Әлімнің інісі Шөменнің балалары. Яғни, Шөменнен Шөмекей мен Дөйт туады. Дөйттен ұрпақ болмаған, сондықтан оның атын есте сақтау үшін Шөмекейлер оны ұранға айналдырған. Шөмекейден Тоқа, Көнек, Аспан, Бозғыл. Бұлар Дөйт ұранды төрт Шөмекей деп аталады.

Ал, Ақ Кетелер — Әлімнің ағасы Байсарының ұрпақтары. Яғни, ағасы Байсары қайтыс болғаннан кейін жеңгелей алған Кете жеңгесінен туған балалар. Тойқожаның ұрпағы Əлімнің ағасы Байсарының ұрпақтарымен қосылып (Олар кезінде өздерін Əлімнің баласымыз деп санаған) «Ақ Кете» руы аталып кеткен.

Шындығында да Әлім, Кете, Шөмен — үш ата тобы — біз бір-бірімізбен туыспыз. Кете, Әлім, Шөмен малын бірге өргізген, жаз жайлауға, қыс қыстауға бірге көшкен, себебі, өрісі де бір, қонысы да бір ел болған. Бір-бірімен, ертеден, қыз алысып қыз беріскен құда болғандықтан, бір-біріне нағашы жұрт, қайын жұрт, жиен болып, туыстығы жақын қалың елге айналған. Бір Әлімге бір Шөмекей туыс болып, олардың Байсары деген ағаларынан Кете бике деген жеңгелері жесір қалатыны да содан тараған аңыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *