АҚШ президентігі тарихындағы ең ұзақ өткен инаугурация 1841 жылы сайланған Уильям Гаррисонның кезінде болған көрінеді. Су жаңа президенттің халыққа жолдаған сөзінің рабайсыз ұзақ болғаны соншалық, ол 9 мың сөзден тұратын баяндаманы 3 сағатқа жуық оқып шыққан.
Қақаған аязда қалтырап сонша уақыт жолдау оқыған «су жаңа» президент ертесіне-ақ суық тиіп қалпақтай ұшып, бір айдай төсек тартып жатқан да.., бұ дүниямен қоштасып жүре берген деседі…