WBA нұсқасы бойынша кәсіпқой бокстан 7 мәрте Әлем чемпионы, Қырғыз туғанның мықты боксшысы Орзубек Назаров 1996 жылы жапондық KYOEI Boxing Gym клубында өнер көрсеткен.
Сол кезде Жапонияға әйгілі Мохаммед Әли сапарлап барған екен. KYOEI Boxing Gym клубы боксшыларының дайындығы мен жекпе-жегін тамашалаған аңыз адам Орзубек бауырымызға аз-кем кеңес беріп, ағалық ақылын айтқан көрінеді.
Паркинсон дерті меңдеп, сөзінен жаңылысып тұрса да, әйгілі Әли қырғыз боксшысын іштартып, оның жекпе-жектеріне жақсы баға берген.
Далаға шыққан кезде суретке түсуді өтінген Орзубек пен ресейлік боксшы Юрий Арбачаковқа «Сендер мені, мен сендерді соғып тұрған секілді суретке түсейік?!» деп қалжыңдапты.., мынау сол сурет.