Аюхай

Еділ қалмақтарының ханы Аюке (Аюхай)- жалпы Орта азия тарихындағы үлкен тұлғалар санатында. Ол таққа отырғаннан кейін (1669ж.) төртінші жылы Еділ қалмақатарын Ресей патшасының қол астына кіргізеді. Сөйтіп, Орыс әскеріне арқа сүйеп, түрік сұлтанына, Солтүстік Кавказ тұрғындарына, Қазақ, Түрікмен, Хиуа хандықтарына қарсы үлкеееен жорықтар жасаған.

Қырым соғысында Аюкенiң атты әскерi орыстар жағында бой көрсетеді. Кейін башқұрт көтерiлiсшiлерiн қырғынға ұшыратады… Осы қызметi үшiн Петр I оған алтын қылыш тарту еткен… Қысқасы, Аюкең орыстардың «Алып кел, шауып кел»-і болған.
Аюке өлгеннен кейін ұлдарының кенжесi Серен Дондук таққа отырады. Докең орыстарды әкесіндей қатты жақсы көре қоймады. Еділ қалмақтарын Түркияның, Осман империясының қол астына қаратуға ұмтылады… Оны орыстар оңдырсынба, арада қырғын соғыс басталады…
Донудк есімі орыс терминологиясына да енеді. Осыдан кейін орыстар ақылсыз, мағынасыз, әпербақнадау адамды «Дундук» деп атай бастайды.
Дундук сөзінің мағынасы, орыстың өз сөздігінде «бестолковый человек» мағынасынада берілген екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *