Арлы-берлі, ерсілі-қарсылы, іргері-кейінді, әрлі-белі, олай-былай, олай-бұлай, әрі-бері, оңды-солды

Біресе ілгерлі, біресе кейін, бірде олай, бірде бұлай. Біз машинамен арлы-берлі өткенде осы жазу мен суреттерді көріп жүретінбіз (Т. Ахтанов). Көше бойы ерсілі-қарсылы ағылған халық (Ғ. Мұстафин). Жас құмырсқалар жолды тазалап, ілгері-кейінді жүріп адаспауға дағдыланады (Ө. Тұрманжанов). Қуанғанынан не кетерін, не кетпесін білмей, сол арада әрлі-берлі жүрді де қойды (Ж. Жұмаханов). Жолға шығатындар олай-былай ағылған автобусқа осы жерден мінеді (Қ. Сатыбалдин). Жақсылық салмақты басып, олай-бұлай жүріп кетті де, Бексұлтан тұсына ке-ліп тоқтады (Ғ. Сланов). Шыңғыс әрі-бері жаяу жүріп, ат үстінде құрысып қалған бойын жазды (С. Бегалин). Дағдарды осыны айтып торғай сорлы, же-ріне барам деген барып болды. Бүркітке құс патшасы жолығуға кезіпті жер-жиһанды оңды-солды (С. Дөнентаев).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *