Қызыл әскер қатарында болған қазақтар


1917 жылы Ресейде 300 жылдан артық билік жүргізген Романовтар әулетінің патшалық дәуірі аяқтап, монархиялық билік құлады. Керенскидің уақытша үкіметін құлатып сол жылыдың қазан айында тағы да төңкеріс жасап Кеңестер билікке ұмтылды. Ресейден бөлініп жеке ел болу, автономия жариялау белең алды. Қазақтар да «Алашорда» автономиясын жариялауға күш салды. Саяси теке-тірестің соңы «Ақтар мен Қазылдар» арасындағы азамат соғысына ұласып кетті. Ақтар жағына шыққан «Алашорда үкіметі» мен «Алаш әскерлері» бір мезгіл «Көпшілдер» үкіметімен соғысты. Бұл кезде қызылдар жағында көптеген Қазақ жігіттері өз еркімен әскери міндет атқарып жүрген еді…

?Сүгіреттің астында былай жазылған:⏬
✏1. 1918 — жылы өзі тіленіп Омбы қаласында қызыл әскерге кіріп, Қалшакті жойғанша соғыс майданының алдыңғы қатарында болған қазақ жұмыскерінің бірі Мұқамбетқали Тәтім ұлы.
✏2. 1912 жылы Патша үкіметі «Лена» жұмыскерлерін атқанда ішінде болып тірі қалған, және 1918 жылы өзі тіленіп Омбыда қызыл әскерге кірген қазақ жұмыскері Укар Жәнібек ұлы.
✏3. 1918-жыл Омбыда өзі тіленіп қызыл әскерге кірген қазақ жұмыскері Зікірия Мүкей ұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *