Қара ниет, астыртын істейтін қулығы бар.Болыс болғандар болысыққа жеткен соң момынды қадірлемейдіғ,өзіндей арам қуларды қадірлейді (Абай). Маған сан рет опасыздық істеген арамза Сейілбек мені келіп паналап, қол астымда есепші болып қызмет істеп жүр (Ө. Тұрманжанов). Мен бұл істің түбіне жетіп, ана арампездің жылтыраған көзіне су құймай тынбаймын (Ж. Мусин). Әділжанның арамы қылығын көріп зығырданы қайнады («Жетісу»). Баймолда – ешкімге жақсылық ойламайтын нағыз бітінә жігіт, — деді Әнуар зілденіп («Қаз. әдеб.»). Ол екеуі бармақ басты, көз қысты жымысқы қарым-қатынасқа көшкен (С. Омаров). Ол кісі баласының атын өзі сияқты жымсыма ұры болсын деп, Жылысбай қойған екен («Бозінген»).Бұлардың басқан ізін аңдығандай Айғанымның жымсық түрінен шошып қалған еді (А. Байтанаев). Сондай ішмерез сұмдардың біреуі Айбаланың жазған хатын ұрлап алып, жібермей жүр екен (С. Омаров).Өңі жылтырап, жылым құрттай жайлайтын сендей тәтті үндінің талайына су құйғам мен (М. Әуезов).