Тараз мектебіндегі «заңсыз ақша жинауды» сынаған соң жұмыстан қуылғанын айтып, президент пен министрге үндеу жасаған мұғалім қызметіне қайта алынды. «Ақша жинау» дерегін тексеру аяқталғанша қызметтен шеттетілген мектеп директоры өзіне «жала жапқандарды» сотқа беретінін айтады.
Таразда қазақ және орыс тілінде білім беретін №43 мектептегі «ақша жинауға» қарсы шыққаны үшін жұмыстан қуылғанын мәлімдеп, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке әлеуметтік желі арқылы видеоүндеу жолдаған осы мектептің мұғалімі Күнсұлу Бөрімбекова ақпанның 25-інен бастап бұрынғы қызметіне қайта алынды.
Мектеп директоры Эльмира Өмірбекова бүкіл елге жайылған даудан соң қалалық білім бөлімінің жанынан құрылған келісім комиссиясының шешімі негізінде, Күнсұлу Бөрімбекованы бұрынғы қызметіне қайта қабылдау және бос жүрген күндері үшін айлық жалақысын төлеу туралы бұйрық шығарды. Арнайы комиссия мектептегі «заңсыз ақша жинау» мен басқа да келеңсіз жайттар туралы деректерді тексеруді аяқтағанға дейін директор жұмысынан уақытша шеттетілді.
www.azattyq.org сайтынан ықшамдалып алынды.
Толық мәтін: https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-taraz-illegal-force-fundraising-at-school-kunsulu-borimbekova/30456272.html