Тату емес, ренжіскен, өкпелі. Қай қызығы татиды қу өмірдің, татуды араз, жақынды жат қыларға? (Абай). Фашистер Қызыл армияның командирлері мен еврейлерге өлердей өш, білсе табан астында ату жазасына бұйырады (К. Тоқаев). Екі ел егер болса, Епті жігіт қатын алар (Мақал). Қаратаймен қырбай болғандықтан, Құнанбай Көк-шенің жайлауына ортақ болғысы келгендей (М. Әуезов). Балам абақтыда. Ел ішінде өшпенді адамдарымыздың нақақ жапқан жаласымен ұсталып кеткен (Қ. Тайшықов). Үй ішімен қырғи қабақ болатынын күні бұрып біліп алған-дай, сен олардың қалауын тап деуін көрмейсін бе (М. Иманжанов). Жаңа жылға арналған балда Лермонтов патша әулетіне қырын қабақ екендігін ашық білдірді (Ғ. Мүсірепов). Дүрдараз адамдай үңірейісіп түн ортасы ауа қойшының қыстауына жеткен (Д. Досжанов). Осыдан кейін олардың аралары салқындап, араз-құраз адамдардай болып жүрді («Қазақст. әйелд»). Не деген-мен өтініш иелерін нәумез қылдыра беруім де келіспес еді (С. Нұрмағам-бетов). Олар бір-бірімен кезбас екен («Алматы ақшамы»). Әңгіме басында олардың аралары кезбастау екендігін сезгендей болдық («Түсіндірме сөз-дік»).