Жан-Поль Сартр,
(1905-1980).
1964 жылы Сартрды Швед Академиясы Нобель сыйлығының лауреаттығына ұсынған көрінеді. Француздың әйгілі философына халықаралық комитеттен хабарласады. «Белгілі бір сыйлық немесе марапат өнер мен шығармашылық адамын тәуелділікке мәжбүрлейді» деген позицияны мықтап ұстанған философ-жазушы комитет өкіліне былай жауап қатқан екен…
-Алло, саламатсыз ба! Бұл — Жан-Поль Сартр ма екен?
— Иә, бұл менмін.
— Сізді Швед Академиясы комитетінен мазалап тұр. Сіз Нобель сыйлығының лауреаты атандыңыз! Келіп, бірер құжатқа қол қойып, сыйлығыңызды алыңыз.
— Бармаймын!
— О не дегеніңіз?! Бұл деген үлкен құрмет қой! Бұдан бас тартуға болмайды!
— «Менің гүлім сол үшін бүр жарған жоқ!»
— Қойыңыз, атай көрмеңіз! Сіз шамасы түсінбей тұрсыз! Біз Швециядан хабарласып тұрмыз! Және бұл сыйлық ең таңдаулы еңбек пен нағыз таланттарға ғана беріледі! Біз сізді мәжбүрлемейміз, біз сыйлықты ерікті түрде тағайындаймыз.., бәрі әділ!..
— Мен сендердің комиссия құрамын суреттен көрдім, кілең киіндіріп қойған қызтекелер, әншейін! Мені мазалап, енді қайтара телефон шалмаңдар!..
… . …
Мүйізі қарағайдай саясаткерлер мен зиялылардың түсіне де кірмеген өмірлік арманын «жынды» Сартр қақ маңдайға осылай бір-ақ теуіпті…